Байсеитов Ерлан Умбетбаевич
Руководитель

Байсеитов Ерлан Умбетбаевич

Директордың тәрбие жұмысы орынбасары

О персоне

Тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары

Байсейтов Ерлан Үмбетбайұлы

erlan.baiseitov@mail.ru

Байланыс телефон: 50-61-36

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының магистрі,

Жоғары санатты оқытушы

 

 

      Байсейтов Ерлан Үмбетбайлұы 1980 жылы ОҚО Бәйдібек ауданы, О.Тайманов елді – мекенінде дүниеге келген. 1997 жылы мектепті аяқтап, 1998-2002 жж.  Оңтүстік Қазақстан педагогика университеті, филология факультеті. «Қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі» мамандығы бакалаврын 2002 жылы үздік дипломмен бітірген. 2003-2005 жж.  Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, филология факультетінің магистрі. 2005 жылы Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы магистрі біліктілігі берілген.   

  •  ҚР, ОҚО «Ourmet-AB» Қоғамдық бірлестігінің «Білім беру ісінің үздігі» медалі. – Астана, 2013.
  • ОҚО Білім басқармасының «Алғыс хаты». – Шымкент қаласы, 2014.
  •  «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мемлекеттік жастар саясаты Заңын жүзеге асырудағы жастарды тәрбиелеу бағытында «Алғыс хат. – Шымкент, 2016.
  • ОҚО Білім басқармасының «Алғыс хаты». – Шымкент қаласы, 2017.
  • «Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясы», «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» Қоғамдық қоры және «Самғау» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы өткізген «Жыл үздігі» атты ІІ Республикалық марапаттау рәсімі. «Жыл үздігі» медалі. – Ақтөбе, 2019.
  • Түркістан облысы «Адами әлеуетті дамыту» басқармасы «Алғыс хат» 2020.

 

  1.  Білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады.  Тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде жоспарлар мен іс-шаралардың әзірленуін, кәсіби бағдар беру жұмыстарының ағымдағы және стратегиялық жоспарлануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасайды. Топ жетекшілерінің, тәрбиешілердің, кітапханашылардың, өндірістік оқыту шеберлері мен дене тәрбиесі сауықтыру және көркемдік эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру оқытушыларының қызметтерін үйлестіреді. 
  2. Тәрбие жұмысына талдау жасайды. Тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбиелік іс-шараларды дайындау мен өткізу бойынша әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; тәрбие процесінің сапасына, үйірмелер, секциялар жұмыстарына және тәрбие жұмысының басқа да түрлеріне, девианттық мінез-құлықты балалармен жүргізілетін жеке тәрбие жұмысына жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады. Тәрбие жұмысының мазмұнын, нысанын және әдістерін жетілдіреді. Білім алушыларға салауатты өмір салтын енгізу бойынша дене тәрбие процесін, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық жұмыстарды дамытуды үйлестіру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. 
  3. Білім алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыру, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмысты жүзеге асырады. 
  4. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалармен, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды. 
  5. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Оқу-материалдық базаны нығайту жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады. 
  6. Жұртшылық және құқық қорғау органдары өкілдерімен, ата-аналармен және ата-аналар комитеттерімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының кызметтері мен құрылымдарының, әкімшілік өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Білім беру ұйымындағы моральды-психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді.